Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстан!»
Мақсаты: Балаларға тәуелсіздік туралы түсіндіру. Қазақстан Республикасының басты жетістіктерімен таныстыру, патриоттық, отаншылдық сезімін ояту, елін, жерін, құрметтеуге тәрбиелеу.
Әнұран орындалады.
Видео-слайд Тәуелсіздік
1-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 28 жылдығына арналған «Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстаным» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік – ата-бабамыздың аңсаған арманы. Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Тәуелсіздіктің жолында талай қазақ жастарымыз құрбан болды. Еркіндікке жету үшін, қаншама қиын кезеңдерді бастан кешірді. 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16-желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Қаншама қазақ жастары қыршыннан қиылды. Олар әділдік үшін күресті. Желтоқсан құрбандары Қ.Рысқұлбеков, С.Мұхамеджанова, Л.Асанова, Е. Спатаев ерен ерліктерімен көзге төсті. Олардың жасаған ерлігі мен қайрат-жігері мәңгілік біздің есімізде қалады. Желтоқсан оқиғасы – ұмытылған емес, ұмытылмайдыда.
Құттықтау сөз мектеп директорына беріледі.
2-жүргізуші:
Міне, тәуелсіздік алғанымызға 28 жыл толыпты. Осы жыл ішінде Қазақстан талай жетістіктерге жетті. Бар әлем қызыға да, қызғана да қарайтын мемлекетке айналды. Әлемнің дамыған мемлекеттерімен терезесі тең болды. Қазақстанды биік деңгейге жеткізген тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтай көреген саясаткердің арқасы екенін айтқанын жөн.
Тәуелсіздік күніне арналған шағын концерттік бағдарламамызды қабыл алыңыздар. Олай болса, оқушыларымыздың тәуелсіздікке арналған жыр шумақтарын қабыл алыңыздар.
Мектепалды даярлық сыныбы және
1-сынып оқушылары мәнерлеп өлең оқиды және ән орындайды.
1 – жүргізуші: Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
2-3-4сынып оқушылары мәнерлеп өлең оқиды.
2 - жүргізуші Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
3-сынып оқушыларының орыдауында ән « Егеменді Қазақстан»
1-жүргізуші:
Бүгін тәуелсіздікке қол жеткен егеменді елміз. Бұл бізге оңайлықпен келген жоқ. Тамыры тереңде жатқан тарихи оқиғалардың нәтижесінде қол жеткізіп отырмыз. Ата – бабаларымыздың ұрпағын, елім, жерім, отаным деп кеткен арманына қол жеткізіп отырмыз.
Әбілмансұр мен Аянның орындаунда ән « Мен қазақтың ұлымын»
2 - жүргізуші
Ол - өз елің, өзінің туған жерің, өз Отаның. Сондықтан біздің қазіргі жас ұрпақтарымыздың алдына қойған мақсаттары: елін сүю, елінің салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын сақтау өзінің кіндік қаны тамған жерін қадірлеу, құрметтеу
4,5,6-сынып оқушыларының орындауында ән «Я-КАЗАХ.»
1- жүргізуші: Барша қазақстандықтар үшін тәуелсіздіктің мәні де,маңызы да айрықша Өйткені біз тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгелдеп, тілімізді, дінімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық.
5-6 сынып оқушылары мәнерлеп өлең оқиды
2- жүргізуші: 16 желтоқсан – тәуелсіздік алған күн,
Ерекше боп ел жадында қалған күн.
Жасай берсін ұлы күн үміті боп елімнің,
Желбіресін көк туы- нағыз көркі жерімнің!Мәңгі болсын, баянды болсын
28 жыл ғұмырың!
Әбілмансұр мен Аянның орындауында ән «Өз қазағым»
1 - жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
4-сынып қыздары би билейді.
2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар ! Осы өткен өмір жолдарымызға қарасақ әр жылдың өз шежіресі,сыры, тарихы, қасиеті бар.
7 -8сынып оқушылары көрініс ұсынады «Тарих өкілдері»
1-жүргізуші: 1989 жылы 22 қыркүйекте қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін алды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі болып жарияланды
3-класс оқушыларының орындаунда ән «Бақытты Қазақстан»
2-жүргізуші 1991 жыл 1 желтоқсан – Н.Ә Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып сайланды.
Әбілмансұр мен Аянның орыдауында ән Мен қазақпын
1-жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда- Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады.
2-сыныптың орыдауында би Нұр-отан.
2-жүргізуші: 1991жылы 22 мамырда Қазақстан ЮНЕСКО құрамына енді.
3-сынып оқушылары Жаннұр мен Гүлімнің орындауында ән Тәуелсіз ел ұланы.
1-жүргізуші: 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды.
5-9 сыныптардың қыздарының орындауында ән Мен қазақтың қызымын.
2-жүргізуші: 1993 жылы қарашаның 15-нде Ұлттық валюта –тенге айналымға кірді.Биыл ұлттық теңгемізге 26 жыл толып отыр.
7-8-9 сынып оқушыларының орындауында хор Атамекен.
1-жүргізуші: Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер-білім, өркенім.
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
Сағындық мәнерлеп өлең оқиды
2-жүргізуші: Осымен шағын концертіміз аяқталды назарларыңызға рахмет.