Жолдыбай негізгі мектебі бойынша
оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру.
Мектеп бойынша асхана жұмыс істейді. «Еркетай » шағын орталығындағы тәрбиеленушілер, даярлық тобы, 1-9 сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Жаппай біліммен қамту қорынан бөлінген қаражатқа тұрмыс жағдайы төмен және көпбалалы жанұя отбасындағы оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтылды. Тамақ бағасы 100 теңге. Асханада тамақтанудың өзіндік кезекті реті бар.
Бірінші кезекте «Еркетай» шағын орталығының балалары ата-аналарының қаржыландыруымен тамақтанады.
Бастауыш сынып оқушылары ата-аналарының қаржылық көмегі арқасында ыстық тамақпен жыл бойы қамтамасыз етіледі.
Келесі кезекте қалған оқушылар кезектесіп отыра тамақтанады. Асхана жұмыс тәртібін мектеп директоры, медбике және кезекші мұғалім қадағалайды. Жазғы маусымда оқушылардың демалысын ұйымдастыру барысында «Балапан» сауықтыру алаңы жұмыс атқарады.
Сауықтыру алаңына қатысатын барлық балалар ыстық тамақпен қамтылады. Асхана жұмыс тәртібін мектеп директоры, медбике, кезекші мұғалім қадағалайды.Балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуге байланысты СЭС-тің рұқсат құжаттары бар. Асханашының СЭС-тан алынған жұмыс істеуге рұқсат ету кітапшасы бар.